Бокс: Генадий Головкин «суперчемпион» Феликс Штурммен қыркүйекте қолғап түйістіреді

Фото: None
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - 30 қыркүйекте Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Генадий Головкин неміс боксшысы Феликс Штурммен жұдырықтасатын болды.

 Бұл жайында «Аламан» порталы хабарлап отыр.

Қос боксшы WBA-нің «суперчемпионы» атағы үшін таласады. Естеріңізге сала кетсек, Ф. Штурм Г. Головкинмен кездесуден қашқалақтап, жекпе-жектің өтер мерзімін ұдайы жылжытып отырған.

Жекпе-жек Германияда өткізіледі деп жоспарланған. «Осыдан қолыма түссе көкесін танытамын», - деп тоқталған Г. Головкин: «Мен оның тек денесін зақымдамаймын, оны тұлға ретінде жоямын»,- деп қосты. Головкин WBA бойынша чемпиондығын үнемі қорғап жүр. Феликс Штурм болса бұл дәреже бойынша «суперчемпион» атанған.

Соңғы жаңалықтар