БОКС: Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық спорттық функционер және Top Rank проумоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақтағы WBA и IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші -Чавес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келісімнен хабардар етті.

«Біз қазіргі таңда Головкинмен келісім жүргізудеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жек өтеді деген көңіл-күйде. Шындықты айтсам, көптеген мәселелер орайын тапты. Менің ойымша, таяу уақытта кездесу жайлы түпкілікті шешіледі. Әзірше алдын ала келісім бойынша, жекпе-жек шілде айында Лос-Анджелесте өтетін болды»,-деп мәлім етті Арум журналист Анна Драгостке берген сұхбатында.

Шамасы, Головкин - Чавес кездесуі 12 шілдеде Лос-Анджелес маңындағы Инглвудте орналасқан "Форум" (Forum) жабық аренасында өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.