БОКС:Головкин мен Рубио ашық жаттығу өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан орта салмақтағы WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин және WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио Лос-Анджелесте ашық жаттығу өткізді, деп хабарлады Vesti.kz.

Еске салсақ, жекпе-жек 19 қазанда Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында таңертең болады. HBO және KazSport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.