Том Леффлердің айтуынша, билеттердің сатылым жылдамдығы бокс өтетін аренаның рекордын жаңартқан.
«Біз бұл кездесуге өте көп билет сатып үлгердік. Бұл жекпе-жек, аренаның сатылым жылдамдығы бойынша барлық рекордын басып озды», - деді өз сөзінде Леффлер.
Естеріңізге сала кетейік, бокс кеші биыл 18 қазан күні Карсон қаласының (АҚШ, Калифорния штаты, Лос-Анджелес округы) StubHub Center аренасында өтеді. Аренаның сыйымдылығы - 30 510 адам.