Бүгін финалда ол қытайлық боксшы Гу Хонды 2:1 есебімен тізе бүктірді. Қазақстан қоржынында әзірге үш алтын және екі қола медаль бар.
Айта кетейік, бұның алдында Н. Қызайбай мен Дина Жоламан Қазақстан қоржынына Әлем чемпионатының алтын медалін салған болатын.
Енді финалда 81 келіден астам салмақта Ләззат Күнгейбаева өнер көрсетеді.
ФОТО:Newtimes.kz