Ташкенттегі бәсекеге Дычкодан басқа төрт қазақстандық барады. Олар: Закир Сафиуллин (60 келіге дейін), Алмасбек Орынғалиев (69 келіге дейін), Сапарбай Айдаров (75 келіге дейін) және Нұрдәулет Жарманов ( 81 келіге дейін). Турнир 13-18 мамыр аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері, ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко Алматыдағы әлем чемпионатының финалында Магомедрасул Меджидовтен нокаутпен жеңілген болатын. Ол рингтен дәрігерлердің көмегімен кетті. Спортшының бабына келуі үшін бір жылдай уақыт қажет болды.