БОКС:Қанат Ислам 17-жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 жастағы бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам Колумбияның Барранкилья қаласында болған кәсіби рингтегі өзінің он жетінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz.

Қанаттың қарсыласы, 27 жастағы колумбиялық боксшы Франсиско Кордеро 11 раундтық кездесудің үшінші раундынан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Колумбия өкілі үшін бұл үшінші жеңілісі (29 рет жеңіске жеткен). Ал Қанат 17 кездесудің бәрін жеңіспен аяқтаған.