Қыркүйек айының басында Қанат Ислам АҚШ-тағы «Nelsons» атты проумоутерлік компаниясымен екі жылға келісім-шартқа отырған. Бұл компанияның менеджері Нельсон Лопес ереже бойынша Исламға қарсылас тауып беріп, кездесулерін ұйымдастыру жағын да қамтамасызетуі тиіс.
22 қарашада Колумбия астанасы Боготада өткен кездесуде Қанат Ислам жергілікті боксшы Сегунда Херрераны алтыншы раундта таза жеңіп, оны әлем чемпионы атағына таласу құқығынан айырды.
«Nelsons» компаниясы сайтының жазуынша, қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекке дейін төрт кездесу өткізіп, барлық қарсыласын нокаутпен ұтқан.