БОКС: Қанат Исламның кезекті қарсыласы -эквадорлық Хумберто Толедо

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ елінде «Нельсон» проумоутерлік компаниясында жаттығып жүрген қазақ боксшысы Қанат Ислам өзінің сегізінші кездесуін 15 желтоқсан күні өткізетін болды,

 деп хабарлайды "Аламан" спорт агенттігі.

Қанаттың қарсылас - 33 жасарэквадорлық боксшы Хумберто Толедо. Кездесу Доминикан Республикасының Ла Романа қаласында өтеді.

Толедо осыған дейін шаршы алаңда 51 кездесу өткізген.  41 кездесуде жеңіп, 8 матчта жеңіліпті. Екі жекпе-жекте тең түскен.

Ал Қанат Ислам кәсіпқой бокста жеті кездесу өткізіп, барлығында таза жеңіске жеткені белгілі.