Тартысты өткен кездесуде алғашқы раундты өте қарқынды бастаған Өзбекстан боксшысы жеңіске жетті. Жеңістің сусып бара жатқанын сезген Қ. Ералиев екінші раундта белсенділігін үдете түскен. Алайда онда да қазылар көрші елдің ұланына жеңісті ұстатты. Үшінші раундта да М. Аxмедалиев қазақстандық боксшыны сан соқтырып кетті.
Осылайша, Қ. Ералиев өзі екінші рет қатысып отырған әлем чемпионаты додасында алғашқы кезеңде жеңіліс тауып отыр.
Айта кетейік, бұның алдында Закір Сафиуллин Катардағы Әлем чемпионатынан шығып қалған болатын.