Біріншілікке барлығы 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының командалары қатысқан болатын.
Алайда финалға сайыстарға Оңтүстік Қазақстан облысынан - 6 боксшы, Ақмола облысынан - 4, Маңғыстау облысынан - 1, Жамбыл облысынан - 4, Қарағанды облысынан - 1, Алматы облысынан 2 және Астана қаласының атынан 2 боксшы шықты.
Сонымен, ертеңгі болатын ақтық сайыстарда шаршы алаңда мына жұптар кездеседі. Олар:
49 келі Жомарт Ержан (Оңтүстік Қазақстан облысы - Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы)
52 келі Азамат Исақұлов (Маңғыстау облысы) - Олжас Сәттібаев (Жамбыл облысы)
56 келі Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола облысы) - Алмас Жақыпов (Жамбыл облысы)
60 келі Ержан Мүсәпіров (Қарағанды облысы) - Зәкір Сафиуллин (Оңтүстік Қазақстан облысы)
64 келі Алмасбек Әлибеков (Оңтүстік Қазақстан облысы) - Самат Башенов (Астана)
69 келі Сағадат Рахманқұлов (Жамбыл облысы) - Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы)
75 келі Мейірім Нұрсұлтанов (Астана) - Нұрзат Сабыров (Оңтүстік Қазақстан облысы)
81 келі Нұрдәулет Жарманов (Ақмола облысы) - Арман Рысбек (Алматы облысы)
91 келі Асқал Абдоллаев (Оңтүстік Қазақстан облысы) - Алмат Серімов (Ақмола облысы)
91 келі Нұржан Бекзатов (Оңтүстік Қазақстан облысы) - Руслан Мырсатаев (Алматы облысы)