БОКС: Қазақстандық қыздар Сербияда Суперкубокты жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербияның Суботица қаласында бокстан қыздар арасындағы IV Ұлттық Кубок аяқталды. Қазақстандық спортшылар өте жоғары ойын өрнегін көрсетіп, өз тәлімгерлерін қуантты, деп хабарлады Қазақстанның Бокс федерациясынан.

Жасөспірімдер арасында өткен жарыстарда қазақстандықтар үшінші жалпыкомандалық орынға ие болды. Қазақстан жастар құрамасының мүшелері құрбыларының арасында бәрінен көп жүлделерге ие болып, екінші орыннан көрінді.

Олардың бапкері - елдің жасөспірімдер мен жастар құрамасының жаттықтырушысы Аяғабек Ерік, ол сонымен қатар Олимпиадаға дайындау орталығының аға жаттықтырушысы болып табылады.

Осылайша, Қазақстаннан келген делегация қола және алтын кубокты, сондай-ақ бас жүлде - IV Ұлттық Кубогын жеңіп алды.