Әзербайжан елінің Губа қаласында болған ширек финалдық кездесулер екі күн бойы он салмақ бойынша өтті. Алғашқы күні Мексиканың былғары қолғап шеберлері 1:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші күні Әзербайжан командасы басым түсті. Алайда, шешуші күнгі кездесудің есебі 3:2 есебімен аяқталды. Сөйтіп, жалпы есепте 6:4 көрсеткішпен мексикалықтар жартылай финалға шықты. Енді олар Куба боксшыларымен кездесетін болады.
Ал «Астана арландары» командасының жартылай финалдық кездесудегі қарсыластары 10 және 11 мамыр күндері анықталады. Ол күндері Ресейдің «Рашн Боксин Тим» командасы мен Италияның «Италия Тандер» боксшылары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.