BoxingScene-ге сілтеме жасаған "Р-Спорт " агенттігінің хабарлауынша, украиндық боксшының салмағы 111,5, ал қарсыласы 112 келі болған.
Еске сала кетсек, Пулев 2013 жылғы қазан айында американдық Тони Томпсонды жеңіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына міндетті үміткер атағына таласу құқын жеңіп алған еді.
Бұлардың арасындағы жекпе-жек сенбі күні Гамбургте өтеді. Егер Кубрат Пулев басым түскен жағдайда, ол аса ауыр салмақта тек IBF нұсқасы бойынша ғана чемпион атанады.
Ал жеңіс Кличкоға IBF-ден басқа IBO, WBO және WBA титулдарын қорғауға мүмкіндік туғызады.