Әлемнің вице-чемпионы бүгін Үндістан боксшысы Сима Пуниамен жұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңісінен кейін Күнгейбаева алдын ала әлем чемпионатының жүлдесіне ілігіп отыр.
Бұның алдында әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан боксшыларының сапынан Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі) мен Валентина Хальзова (69 келі) шыққан болатын. Өкінішке орай, 64 келіде өнер көрсететін Зарина Цолоева жеңіліс тапты.
Еске сала кетейік, бұл күндері Астанада әйелдер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Олимпиада жолдамалары ойнатылуда.