Айта кетейік, WBC ұйымы чемпиондық белбеулердің жаңа түрін жасап шығарған болатын. Олардың қасбетінде қайтыс болған қауымдастықтың бұрынғы президенті Хосе Сулейманның бейнесі таңбаланбақ. Сонымен қатар әрбір салмақ дивизионы бойынша тарихқа аты енген ең үздік боксшылардың суреттері басылып отырады. Белбеулерде бейнелері басылатын спортшыларды жанкүйерлердің өздері таңдамақ.
WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион Серхио Мартинес пен бұрынғы чемпион Мигел Котто арасындағы кездесу 7 маусымда өтеді.