Бокс: Мәскеуге баратын «Арландар» белгілі болды

АСТАНА. 26 наурыз. ҚазАқпарат - 30 наурыз күні Мәскеуде «Динамо» мен «Астана арланс» арасындағы ширек финалдық қарымта матч өтетіні белгілі.

Бүгін назарларыңызға «Аламан» порталы Ресейге аттанар «арландардың» тізімін ұсынып отыр.

Рафик Султонов ( 54 келі), Ержан Мүсәпіров (61 келі), Қанат Ислам (73   келі), Абдельхафид Беншабла (85 келі) және Шуаиб Болодинатс ( 91 келі).

Бұдан бұрын хабарланғандай, 23 наурызда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы жартылай финалдық жекпе-жектердің алғашқы кездесуін «Мәскеулік Динамо» боксшыларымен өткізген «Астана арландары» 3:2 есебімен жеңіске жетті.