«Егер боксты тастасам, өте бақытты жан болар едім. Мен фантастикалық жетістіктерге қол жеткіздім. Жұрттың бәрі менен жұдырықтасуымды жалғастырамын ба, жоқ әлде спорттағы жолымды тоқтатамын ба, осы жайлы ресми мәлімдемемді естігілері келеді. Бірақ өзім де қалай боларын білмеймін. Егер лайықтылар табылып жатса, онда мен рингке қайта шығамын. Бірақ дәл қазір ондай қарсыласты көріп тұрғаным жоқ, деген Фрочтың сөзін келтіреді TalkSport.