Дәстүр бойынша қарсыластар алғаш рет көз арбасты. Бұл олардың төрт күндік баспасөз-турының бастамасы.
Сәрсенбі, 12 шілде күні былғары қолғап шеберлері Торонтода (Канада), одан кейінгі күні Нью-Йоркте (АҚШ), жұма күні - Лондонда (Ұлыбритания) қайта кездеседі.
Жекпе-жек 26 тамыз күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) бірінші орта салмақтағы бокс ережесі бойынша өтеді.