АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық Чеджу қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Назым Қызайбай әлем чемпионы атанды.
Қазақстан бокс федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Назым финалда үндістандық Шамджетсабам Сарджубаланы 3:0 есебімен ұтты.
Алматы қаласының өкілі, жиырма бір жасар Назым Қызайбай бұдан екі жыл бұрын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Айта кетейік, бүгін 81 келіден астам салмақта тағы бір қазақстандық Ләззат Күнгейбаева финалда алтын жүлде үшін таласады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).