Назым Қызайбай бұған дейін бірінші орында тұрған румындық Стелута Дутаны ол орыннан ығыстырды. Қазақ боксшысы Дутаны Чеджудегі әлем чемпионтының ширек финалында ұтқан еді. Сондай-ақ қазақстандық боксшы Азия бокс федерациясының таңдауымен қараша айының үздік боксшысы болып танылды.
Сонымен,
48 келі салмақ дәрежесі бойынша: 1 . Назым Қызайбай (Қазақстан) 2 . Стелута Дута (Румыния) 3 . Саржубала Самжетцавам (Үндістан)
Чеджуде 81 келіде күміс алған Ләззат Күнгейбаева екінші орыннан үшінші сатыға түсті:
81 келі салмақта: 1 . Зенфира Магомедалиева (Ресей) 2 . Эмине Боздуман (Түркия) 3 . Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан) 5 . Кавита (Үндістан)
Азия ойындарының күміс жүлдегері Жайна Шекербекова сегізінші орында тұр:
51 келі салмақта: 1 . Марлен Еспарза (АҚШ) 2 . Клелиэ да Коста Маркес (Бразилия) 3 . Лиза Уатсайд (Ұлыбритания) 4 . Мери Ком (Үндістан) 5 . Терри Гордини (Италия) 7 . Стойка Петрова (Болгария) 8 . Жайна Шекербекова (Қазақстан)
Азия ойындарында қола жүлдені қанжығасына байлаған Марина Вольнова 12-ші орыннан 8-ші орынға көтерілген. Алайда жақында Вольнова спорттан кеткенін мәлім етті. Сондықтан алдағы уақытта ол АИБА рейтингісінен шығарылады.
75 келі салмақта: 1 . Кларисса Шилдс (АҚШ) 2 . Ли Циан (Қытай) 3 . Н. Фонтжин (Нидерланды) 4 . Ариэна Фортин (Канада) 5 . Ярослава Якушина (Ресей) 8 . Марина Вольнова (Қазақстан) 9 . Пужа Рани (Үндістан) 10 . Тимеа Наги (Венгрия)