Бокс: «Неміс қырандарына» қарсы шығатын «Арландардың» есімдері белгілі болды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - WSB сериясының топтық кезеңі 11-12 қаңтар күні қайта жалғасады.

«Аламан» агенттігінің жазуынша, қазақстандық «Астана арландары» кезекті кездесуін Ганновер қаласында «Неміс қырандарына» қарсы өткізеді. Жарыстың ресми сайты қос команданың құрамын жариялады.

Атап айтқанда, 50-54 келіде қазақ боксшысы Бағдат Әлімбеков румыниялық Николае Равзан Андрианамен кездеседі.

57-61 келі салмақта шаршы алаңға қос ирландиялық боксшы шығады: Оливер Жойс - Эрик Донован.

68-73 келіде Сергей Деревьянченко неміс Хек Паскалимен жұдырықтасады.

80-85 келі салмақта немістер өз боксшылары Серге Мичелді қойып отыр. Оның қарсыласы Сеп Хргович.

Аса ауыр салмақта да неміс-хорват текетіресі. Ринг иелерінің намысын Эрик Бречлини қорғайды. Ал «Арландар» Филипп Хрковичке сенім артып отыр.