Әлем чемпионатының қола жүлдегері беларусьтік Виктар Зуев ( 91 кг) жолдамадан қағылды. Ол ресейлік Магамед Омаровқа есе жіберді - 7:16. Ал қазақ жанкүйерлеріне етене таныс сербиялық Милютин Станкович те (экс «Астана арландар» боксшысы, 91 келі) жарысты аяқтады. Серб спортшысы француз Юка Тониге жол берді - 6:10.
Сондай-ақ тағы бір «арлан» венгр Иштван Бернат ( 91) Роман Маризовскиді (Израиль) ұтып, келесі кезеңге шықты. Оның келесі қарсыласы словениялық Лабинот Хочхай.