БОКС: Пакьяо сәуір айында соңғы жекпе-жегін өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі филлиппин боксшысы Мэнни Пакьяо 2016 жылдың 9 сәуірінде рингке соңғы рет шығатынын мәлімдеді.

Осыған дейін 36 жастағы Пакьяо спорттағы мансабын аяқтап, саясатпен айналысуға бет бұратынын айтқан еді. Спортшының промоутері Боб Арумның айтуынша, Пакьяоны мамыр айының ортасында Филлиппин сенатына сайлауға түспек.

Пакьяоның алдағы жекпе-жегінде кімнің қарсылас болатыны әзірге белгісіз.

Негізгі қарсыластар қатарында америкалық Теренс Кроуфорд (27 жеңіс, 0 жеңіліс) и британдық Амир Хан (31 жеңіс, 3 жеңіліс) бар. Ал Пакьяоның өзі кәсіби рингте 57 рет жеңіске жеткен. Оның 38-і нокаутпен аяқталса, алтауында жеңіліп, 2 жекпе-жек тең аяқталған.