Осыған дейін 36 жастағы Пакьяо спорттағы мансабын аяқтап, саясатпен айналысуға бет бұратынын айтқан еді. Спортшының промоутері Боб Арумның айтуынша, Пакьяоны мамыр айының ортасында Филлиппин сенатына сайлауға түспек.
Пакьяоның алдағы жекпе-жегінде кімнің қарсылас болатыны әзірге белгісіз.
Негізгі қарсыластар қатарында америкалық Теренс Кроуфорд (27 жеңіс, 0 жеңіліс) и британдық Амир Хан (31 жеңіс, 3 жеңіліс) бар. Ал Пакьяоның өзі кәсіби рингте 57 рет жеңіске жеткен. Оның 38-і нокаутпен аяқталса, алтауында жеңіліп, 2 жекпе-жек тең аяқталған.