Ресми салмақ өлшеу рәсімінің нәтижесінде ресейлік боксшының салмағы 102 келі болса, оның қарсыласы 112,2 келіні тартты. Осылайша А.Поветкиннің қарсыласы 10,2 келіге ауыр екендігі белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, Мәскеудегі «Лужники» аренасында аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы 34 жастағы ресейлік Александр Поветкин мен аса ауыр салмақта әлем чемпионы атағына бұрынғы үміткер 29 жастағы Мануэль Чарр жекпе-жекке шығады.