Бокс: Рай Сейітжанов пен Талғат Шәйкен титулдық жекпе-жек өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылары Рай Сейітжанов (8-0, 5 КО) пен Талғат Шәйкен (6-0, 4 КО) титулдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы спортшылармен жұмыс істеп жүрген Tukeshov Boxing Promotions промоутерлік компаниясы хабарлады. Сейітжанов пен Шәйкеннің белбеу үшін айқасы - желтоқсанда. Жекпе-жектің қай жерде және қай титулдар үшін өткізілетіні әзірге белгісіз.

Қазіргі кезде екі боксшы да Лондондағы (Ұлыбритания) рингқа оралуға дайындық үстінде.

Талғат пен Рай соңғы жекпе-жектерін 26 қазанда өткізген. Шәйкен екінші раундта отандасы Омар Марабаевты (1-10), ал Сейітжанов өзбек боксшысы Умурбек Бекназаровты (1-4) жеңген болатын.