БОКС: ресейлік Зәуірбек Байсангуров WBA нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы титулы үшін жекпе-жекке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік Зәуірбек Байсангуров желтоқсанда Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша 69, 8 келі салмақта әлемнің уақытша чемпионы титулы үшін жекпе-жекке шығады.

Бұл туралы "К-2 Промоушнс" промоутерлік компаниясының директоры Александр Красюк мәлім етті.

"Байсангуров уақытша әлем чемпионы титулы үшінболатын кездесуін 13 желтоқсанда Украинада өткізеді»,-деді ол.

Ресейлік боксшының соңғы жекпе-жегі сәуірде аргентиналық Николас Питтомен арада болған еді. Ол қарсыласынан басым түсіп, Халықаралық боксшылар ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.