БОКС: Роман Жайлауов келесі жекпе-жегін 13 сәуірде Йоханнесбургте өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби рингте жартылай орта салмақта өнер көрсететін 20 жастағы қазақстандық боксшы Роман Жайлауов өзінің келесі жекпе-жегін 13 сәуірде Йоханнесбургте (ОАР) өткізеді.

Бұл туралы Boxingnews.kz сайты жазды.

Әзірге қазақстандықтың қарсыласы белгісіз болып отыр. Р. Жайлауов кәсіби бокста 13 жекпе-жек өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен. Оның сегізін уақытынан бұрын аяқтады.

Еске сала кетсек, Жайлауов 27 ақпанда Екатеринбургте кезекті рейтингтік кездесуінде 32 жастағы ресейлік спортшы Вячеславом Яковенкомен жұдырықтасуы тиіс болатын. Бірақ қазақстандық боксшы жарақатына байланысты рингке шыға алмады, деп хабарлайды vesti.kz.