Бұл туралы Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.
Шілде айында Чагаев Германияда бірінші раундта итальяндық Франческо Пьянетуды нокаутқа жіберіп, алғаш рет WBA чемпионы титулын қорғады. Ол 2014 жылдың шілдесінде Грозныйда Окендоны жеңіп, осы белдеуге ие болды. Алайда Чагаев пен Окендоның бірнеше айға созылған дауынан кейін сот оларды қайта жұдырықтасуға міндеттеді.