АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Өзбекстан боксшысы Руслан Чагаевты пуэрторикалық Фрес Окендомен кездесуден бас тартқаны үшін супер ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды.
«Русланның денсаулығымен проблемалар туындады. WBA көп уақыт жекпе-жекке шықпағаны үшін титулдан айырғаны туралы хат жолдады», - деп ТАСС спортшының промоутері Тимур Дугазаевке сілтеме жасап хабарлады.
Осыған дейін WBA әлем чемпионы титулын Чагаевқа қайтарған, ал белдеудің бұрынғы иесі австралиялық Лукас Браун допинг пайдаланғаны үшін жарты жылға шеттетілді.
Австралиялық 5 наурызда Чагаевті техникалық нокаутпен 10 кезеңде жеңген. Кейін Браун тапсырған допинг-сынамадан кленбутерол табылғаны белгілі болды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.