Оның ақтық кезеңдегі қарсыласы 2015 жылғы USA Boxing Junior Open and Youth National Championships чемпионы Рэй Диаз (АҚШ) болды. Қазіргі кезде ол америкалық жастардың рейтингінде өзінің салмақ дәрежесі бойынша бірінші орында тұр, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі.
Нысан мен Диаздың жекпе-жегі басында тең жүріп, екінші раундта америкалық боксшы үстемдік құра бастаған, бірақ Дәулет өзінің басымдығын қалпына келтіріп, жарысты өз пайдасына 2:1 есебімен аяқтады. Азия чемпионы осылайша 2015 жылғы әлем чемпионы болды.
Соңғы жетістігі - Азия жастар чемпионытында күміс жүлде болған Қазақстан чемпионы Хуршедшох Искандаров (80 келі) кеше Украинаның жас спортшысы Аркадий Карцанмен жекпе-жекке шыққан еді.
Оның бүгінгі қарсыласы кубалық Даньиер Перо өз елінде ұлттық чемпионаттарда төрт рет жеңіске жеткен. Жартылай финалда ол ресейлік Владислав Ивановты жеңген. Осы жолы төрешілер басымдықты тағы да кубалық спортшыға берді, ал Хуршедшох Қазақстанға күміс медальді әкетті.
Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері: Айбек Досанов (46 келі), Саматәли Толтаев (52 келі) және Айбол Жамбырбай (63 келі).