АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жастар арасында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Чамбай Джексонмен жұдырықтасты.
Жекпе-жек Санжардың айқын басымдылығымен өтіп, ол үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті.
Бүгін Қазақстаннан басқа да боксшылар рингке шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Фото: sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).