«Әзірге жекпе-жек 8 қарашада өтеді деп жоспарлануда. Алайда НВО телеарнасына барынша қолайлы болғандықтан, 1 қарашаға ауыстырылуы әбден мүмкін», - деді Климас.
31 жасар Ковалев 79,38 келіге дейінгі салмақ санатында Дүниежүзілік боксшылар ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы болып табылады. Ал Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығы (WBA) және Халықаралық боксшылар федерациясы (IBF) нұсқасы бойынша титулдар 49 жасар Хопкинстің еншісінде.
Екі алаң қарастырылуда - Атлантик-Сити мен Нью-Йорк (Бруклин).