Бұның алдында рингке жалғыз қазақстандық боксшы қыз Алуа Балқыбекова (51 кг) шыққан болатын. Ол бесінші орын үшін болған жекпе-жекте 2:0 есебімен Қытайлық Тайбейдің тумасы Хсиао-Вэн Хуангты тізе бүктірді.
Ертең жасөспірімдер Олимпиадасында әйелдер арасында, ал бүрсікүні ерлер арасында бокстан финалдық кездесулер өтеді.
Ақтық сында жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов (60 кг) Кубалық Алан Лимонтамен, ал жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Вадим Казаков (81 кг) Болгариялық Благой Найденовпен қолғап түйістіреді.