Бокс: Шымкенттегі халықаралық турнирдің барлық жеңімпазы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды.  Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: ҰОК

Финал жекпе-жектері бүгін, 4 қазан күні өтті. Алтын жүлде алған боксшылар тізімі төмендегідей: 

48 келіге дейінгі салмақта: Теміртас Жүсіпов

51 келіге дейінгі салмақта: Дамир Әбдіқадыр

54 келіге дейінгі салмақта: Нұрсұлтан Алтынбек

57 келіге дейінгі салмақта: Оразбек Асылқұлов

60 келіге дейінгі салмақта: Бейбарыс Жексен

63,5 келіге дейінгі салмақта: Ертуған Зейнуллинов

67 келіге дейінгі салмақта: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

71 келіге дейінгі салмақта: Сабыржан Аққалыков

75 келіге дейінгі салмақта: Диас Молжігітов

80 келіге дейінгі салмақта: Ерасыл Жақпеков

86 келіге дейінгі салмақта: Бекзад Нұрдәулетов

92 келіге дейінгі салмақта: Сағындық Тоғамбай

92 келіден жоғары салмақта: Айбек Оралбай

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының Сиднейдегі бокс кешінде Андрей Михайловичтен басым түскенін жазған едік.