Қазақстандық және ресейлік боксшының рингтегі алдағы өтуі мүмкін кездесуіне қатысты бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Ғалым Кенжебаев пікір білдірді. Бұған дейін ол Геннадий Головкинді әуесқой бокста жаттықтырған болатын.
«Екі боксшының да жасы ұлғайған. Шынымды айтар болсам, Лебедевті көрмегеніме көп болды. Екеуінің жұдырықтасу тәсілдері әртүрлі, сондықтан айқас қызықты өтуі мүмкін», - деді маман.