Ол тартысты кездесуде американдық Крис Арреоланы ұрып жықты.
Кездесудің бастапқы раундтарында бұған дейін таяуда ғана қарсыласынан таяқ жеп қалған К.Арреола басымдық танытқан еді. Алайда 6-раунда Б.Стиверннің ауыр соққысын алған американдық есінен танып қала жаздады. Төреші есеп ашқаннан кейін Ареола шаршы алаңдағы кездесуін жалғасыра алатындығын танытқандай да болды. Дегенмен бірнеше секундтан соң американдық қарсыласының ауыр соққысынан тағы есеңгіреді. Осыдан кейін төреші кездесуді аяқтауға шешім қабылдады.