Бұл ақпаратты Қазақстан бокс федерациясының баспасөз хатшысы Галина Тополева растады. «Иә, Тұрсынбай Құлахмет болгар боксшысы Арман Хакобянды ұтып, алтын медаль ұтып алды», - дейді ол.
Айта кетейік, кеше аталған турнирде аса ауыр салмақта ( 91) қазақтандық Қамшыбек Қоңқабаев болгар боксшысы Петар Белберовке есе жіберіп, үшінші орынды қанағат тұтты. Ал 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тұрсынбай Құлахмет украиндық Валерий Харламовты жеңіп, финалға шыққан болатын.