Кездесу 3:0 есебімен аяқталды.
Бұның алдында әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан боксшыларының сапынан Назым Қызайбай (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі), Валентина Хальзова (69 келі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) шыққан болатын. Өкінішке орай, 64 келіде өнер көрсететін Зарина Цолоева жеңіліс тапты.
Еске сала кетейік, бұл күндері Астанада әйелдер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Олимпиада жолдамалары ойнатылуда.