75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз 1/8 финалында түркиялық Бюшра Ишилдарды 4:1 (30:27, 28:29, 29:28, 30:27, 30:27) есебімен жеңді.
Бүгін тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Оның бірі - 66 келі салмақта сынға түсетін - Наталья Богданова. Ол Астана уақытымен 23:45 шамасында польшалық Анета Ригельскамен қолғап түйістіреді.
Ал, екінші боксшымыз ерлер арасында 92 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан боксшымыз - Айбек Оралбай. Сағат 01:15 шамасында Эквадор боксшысы Хулио Сезар Кастильо Торреспен айқасады.
Италиядағы турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді.
Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.