Бокс: Василий Левит Әлем чемпионатының келесі турына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катарда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Василий Левит 1/4 финалға өтті.

Оның қарсыласы бразилиялық Хуан Гонсалес шаршы алаңға шыққан жоқ. Оған теxникалық жеңіліс жазылды.

Ал қазақстандық боксшы келесі раундта украиналық Геворг Манукянмен қолғап түйістіреді. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының үш боксшысы алғашқы кездесулерін жеңіспен аяқтап отыр. Олжас Сәттібаев екінші раундқа өтсе, Жәнібек Әлімxанұлы мен Василий Левит 1/4 финалға жолдама алды. Алғашқы кездесулерін жеңіліп қалған Зәкір Сафиуллин мен Қайрат Ералиев, өкінішке орай, Әлем чемпионатында жүлдеге таласа алмайды.