Қазақстан бокс федерациясы хабарлағандай, финалға біздің 4 боксшымыз шыққан. Қорытындысында әзербайжан Сотомайор Лоренцомен айқаста Абылайхан Жүсіпов (64 келі) алтынды жеңіп алды.
Ілияс Сүлейменов (52), Айқынбай Шалқар (49) және Әли Ахмедов (81) күмістен алқа тақты.
Бұр турнир 1956 жылы алғаш рет ұйымдастырылып, Еуропадағы байырғы ең беделді құрлықтық жарыстардың біріне айналған.
Биылғы турнирге 29 елден 168 боксшы қатысты. Олардың арасында екі әлем чемпионы және жеті Еуропа чемпионы болды.