БОКС: Владимир Кличко жарақатынан кейін жаттығуға қайта оралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиндық аса ауыр салмақтағы боксшы Владимир Кличко жарақатынан кейін жаттығуға шықты. Бұл туралы спортшы әлеуметтік Twitter желісінде хабарлады.

Кличко Халықаралық бокс федерациясы (IBF), Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA), Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) және Халықаралық бокс ұйымы (IBO) нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулы үшін болгар спортшысы Кубрат Пулевпен Гамбургте 12 қарашада жекпе-жекке шығады.

2009 жылдың қыркүйегінен бастап Пулев 20 кездесу өткізді. Бәрінде де жеңіс тұғырынан көрінді. 11 жекпе-жегін нокаутпен аяқтады.