Бокс: Жақияновтың Роберто Лериомен жекпе-жегі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов кәсіби рингте өткен рейтингтік айқаста филиппиндік Роберто Лериодан басым түсіп, кезекті жеңісіне жетті.

«Жанат Жақиянов қарсыласын Брисбендегі екінші раундта жеңді», - деп жазды твиттерде қазақстандық спортшының промоутері әрі жаттықтырушысы Рикки Хаттон.

Естеріңізге сала кетейік, Ж.Жақиянов Еуропа мен Еуразияның ең жеңіл салмақтағы чемпионы болып табылады.