Бокс: «Жібек жолы» турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
12:34, 10 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM — 10-16 сәуір аралығында бокстан Бакуде (Әзербайжан) өтетін «Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Бапкерлер штабы тізімге төмендегі спортшыларды қосты:
— 48 келі: Ақбота Болат, Гүлназ Бөрібаева, Роксана Гасымова
— 50 келі: Элянур Тұрғанова
— 52 келі: Томирис Мырзақұл, Анжа Сәдуақасова
— 54 келі: Элина Базарова, Сымбат Әлиасқар
— 57 келі: Шахназ Исаева, Виктория Байдукова
— 70 келі: Бақыт Сейдіш, Азиза Исина
81 келіден жоғары: Дина Исламбекова, Әсел Тоқтасын
Еске сала кетейік, бұған дейін Садриддин Ахмедовтің АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізетінін хабарлаған едік.