Бокс: Жеңіліп көрмеген Мадияр Әшкеевтің келесі қарсыласы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 жастағы қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев кәсіби рингте өзінің кезекті жекпе-жегін 15 сәуірде Коннектикутте (АҚШ) өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Шон Кэмерон (есебінде 10 жеңіс (5 нокаут) бар, 2 рет жеңілген), деп хабарлады ВКонтактедегі «Қазақстан кәсіби боксы» тобы.

Кәсіби рингте  Әшкеев 7  айқас өткізіп, барлығында жеңіске жетті.  Оның үшеуін уақытынан бұрын аяқтады. Боксшы бірінші орта салмақ санатында   (154 фунт - 69,9 келіге дейін) өнер көрсетеді.