Бокс: Жұрт асыға күтетін алдағы ТОП-6 реванш тізімі жарияланды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – All of the Belts бокс жайында жазатын танымал Twitter парақшасы жұрт асыға күтетін алдағы жекпе-жектердің үздік бестігін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Тізімге реванштармен қатар трилогиялар дакірді. Олардың қатарында, әрине, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшіншікездесуі бар. Жекпе-жек қыркүйек айына жоспарланған еді, алайда келесі жылдыңмамыр айында өтуі мүмкін.

Сондай-ақ, көп күтілетін жекпе-жектердің ТОП-6төмендегідей:

Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо II

Сауль Альварес — Флойд Мэйвезер II

Энтони Джошуа — Диллиан Уайт II

Билли Джо Сондерс — Крис Юбэнк II

Лео Санта Крус — Карл Фрэмптон III.

Головкин мен «Канелоның» алдағы үшіншіжекпе-жегіне Париматч букмекерлік кеңсесінің берген бағалары мынадай:«Канелоның» жеңісі – 1.7, Головкиннің жеңісі – 2.15, тең түсуі – 25.

Еске салайық, боксшылардың алғашқы айқасытараптардың тең түсуімен аяқталған еді, ал екінші кездесуде Альварестөрешілердің басым көпшілігінің шешімімен жеңімпаз атанды.



Соңғы жаңалықтар