Жартылай финалда Жүсіповтың қарсыласы осал болмады, ол Моңғолиядан келген Тувшинбат Буамбамен жұдырықтасты. Бірақ, соған қарамастан қазақстандық спортшы қарсыласының шабуылына төтеп беріп, соққылар жаудырып отырды. Нәтижесінде финалға жолдама алды.
21:04, 05 Мамыр 2017
Бокс: Жүсіпов Азия чемпионатының «алтыны» үшін күреседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы қазақстандық боксшы (69 кг) Абылайхан Жүсіпов Өзбекстанда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.