Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық былғары қолғап шебері Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Фото: ҚР ҰОК

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ширек финалында қырғызстандық Мырзакир Кошалиевпен жұдырықтасты.

Үш раундтың нәтижесі бойынша Айбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Еске салайық, бұған дейін семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанғанын хабарлаған едік.